.RU

Таңдау пәні бағдарламасы ( Жалпы орта білім беретін мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 10 – сыныпқа арналған қазақ әдебиеті пәні бойынша бағдарлама) Түсінік хат

Дата07.06.2017өлшемі151.91 Kb.
Таңдау пәні бағдарламасы
( Жалпы орта білім беретін мектептің қоғамдық –
гуманитарлық бағытындағы 10 – сыныпқа арналған
қазақ әдебиеті пәні бойынша бағдарлама)
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сай шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік, ұлттық құндылықтарымызды жете меңгерген, интеллектуалдық өресі жоғары, өзін- өзі үнемі дамыта алатын қабілетті жастарды тәрбиелеу – бүгінгі өмір талабы.
Білім беру жүйесінде жүргізілген реформалар негізінде елімізде мектептер үш сатылы болып қайта құрылды. Мектептің бастауыш сатысы 1 – 4 – сынып, негізгі сатысы 5 – 9 – сынып болса, мектептің соңғы сатысы – бағдарлы мектеп. Бағдарлы мектеп үш салаға сараланады: қоғамдық – гуманитарлық,жаратылыстану – математикалық, кәсіптік. Сабақтастық тұрғысынан қарағанда, бұл саты – бүкіл мектептегі алған білімнің қорытындыланатын кезеңі. Бұл білімнің білікке ұласар сәті. Қазақ әдебиетін оқытудың нәтижесінде оқушы бойындағы асқақ арман, ізгі қасиет, берік сенім, сұлулық пен әсемдіктің, өмірге құштарлық, таза шынайы мөлдір сезімнің жан – жақты көрінер кезі де – осы бағдарлы мектеп сатысы.
Өз тәжірибемде ҰБТ тапсыратын оқушылардың ішінде жылма – жыл қазақ әдебиеті пәнін таңдап отырған оқушылар бар. Осы негізде қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы 10 – сыныпқа арналған таңдау пәні бағдарламасының оқытылуының маңызы бар деп ойлаймын.
Бағдарлама жеке тұлғаның танымдық іс – әрекетін қалыптастыруға бағытталған. Бұл бағдарламаның өзіндік ерекшелігі – ол тарауларға бөлініп әзірленгендігі. І тарауда – халық ауыз әдебиеті, ІІ тарауда – ежелгі әдебиет мұралары, ІІІ тарауда – Ислам дәуіріндегі әдебиет, IV тарауда –Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет (XIII- XIV ғ.),V тарауда –қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (XV – XVIII ғ. ),VІ тарауда - XIX ғасыр әдебиеті (болыстық дәуірдегі әдебиет), VIІ тарауда –XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет, XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы әнші – ақын композиторлар, 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісіне байланысты әдебиет, VIIІ тарауда –XX ғасыр әдебиеті, IX тарауда – әлем әдебиеті үлгілері ,X тарауда – жергілікті ақын – жазушылар мұрасы қамтылған. Соңғы X тарауда Атырау облысының ақын – жазушыларының шығармашылығын таныту, оны оқушыларға меңгертудің жолдары көзделген.
Ұсынылған бағдарлама оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, қазақ әдебиетінен білім деңгейін көтереді. ҰБТ – да кездесетін тапсырмаларды білуге үйретеді. Жалпы жұмыс оқушының өздігінен білім алуына негізделген. Бұл ҰБТ – дан сәтті өтуге ықпал етеді.
Бағдарлама жасауда білім мазмұнын ізгілендіру, бүгінгі қоғамға кіріккен оны дамытуға тырысатын дара тұлғаны таныту, әдеби білімнің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, сабақтастығы және пәнаралық , пәнішілік байланыс сияқты ұстанымдар басшылыққа алынды.

Мақсаты: Сезім мен ойды тоғыстыра отырып, танымдық, эстетикалық, оқырмандық талғамды қалыптастыру. Оқушының өзіндік шығармашылық әрекетіне бағыттап отырудың жолдарын іздестіру.Көркем әдебиет туындыларын толық терең оқып, меңгеруіне жол аша отырып, әдеби білімнің әр жақтылығын, жүйелілігін, мақсаттылығын түсіндіру.
Таңдау пәні арқылы оқушыларды ҰБТ – ға дайындау және шығармашылық құзіреттілігін дамыту.
Міндеті: Оқушыларды рухани, интеллектуалдық тұрғыда тәрбиелеу, өз елінің тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, өнерін қастерлеуге баулу, дүниежүзілік өркениет жетістіктеріне ұмтылдыру.
Оқушылардың тест жұмыстарын шешуде анықтамалық әдебиетті өз бетімен қолдануын ұйымдастыру; ҰБТ – ны сәтті тапсыру үшін қазақ әдебиетінен білім деңгейін анықтау; оқушылардың ұмытып қалған, не түсінбей қалған тақырыптарын түсіндіру, қайталау.
Күтілетін нәтиже:
1.Түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға қалыптасады.
2. Өзіндік тұжырым жасауға, өзіндік бағалауға, түрлі жағдайда өзінің шамасын білуге дағдыланады.
3. Оқушылар қазақ әдебиеті пәні бойынша сынақты сәтті тапсыра алады.
4. Көркемдеп сөйлеудің амал – тәсілдерін игереді, оқушының зерттеушілік қабілеті оянады.
5. Көркем әдебиетті оқудың, талдаудың негізгі түрлерін ажыратады.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Қазақстан Республикасынң 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Астана, 2003ж.
2. Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы». – А., 1959ж.
3. Жұмажанова Т.Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі» . – А., 2009ж.
4. Қабдолов З. «Сөз өнері». А., 2006 ж.
5. Қабдықайырұлы «Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы». –А., РБК., 1999ж.
6. Әбенбаев С. «Эстетикалық мәдениет негіздері». – А., 2005ж.
7.Ахметов З. «Әдебиеттану» (терминдер сөздігі). –А., 1998 ж.
8. Қаратаев М. «Әдебиет және эстетика». –А., 1970 ж.
9. Ұзақбаева С. «Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі». – А., 1990 ж.
10.Дайырова Ә. «Абайдың тәлімгерлік тағылымы». – А., 1996 ж.
11. Бітібаева Қ. «Әдебиет пәнінің оқытудың тиімді жолдары». – А., 1990 ж.
12. Мырзахметов М. «Абай мұрасын меңгертудің педагогикалық негіздері». –А., 1995 ж.
13.Сманов Б.«Әдебиет сабағын жоспарлау». – А., 1986 ж.
14. Аңсабаев Д. «Лирикалық шығармаларды оқыту». – Т., 2007 ж.
15. Құтқожина Р. «Әдебиетті қазақ тілімен байланыстыра оқыту». – М., 1985 ж.

«Қазақ әдебиеті » пәнінен 10 - сыныпқа арналған


ТАҢДАУ ПӘНІ БАҒДАРЛАМАСЫ
Аптасына 1 сағат, жалпы – 34 сағат

Р.с.

Сабақтың тақырыбы

Сағат
саны

Мерзімі

Сабақтың түрі, әдіс - тәсілі

Пәнаралық байланыс

Пайдаланатын материалдар

1

Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік. Тұрмыс – салт өлеңдері. Ертегі мен аңыз әңгімелер. Шешенлік сөздер. Мақал – мәтелдер. Жұмбақтар

1




Білімді және әрекет тәсілдерін бекіту сабағы, СТО стратегиялары

Тарих, өзін – өзі тану, психология

С. Садырбаев «Қазақ халық әдебиеті»Алматы «Рауан» 1990ж.

2

Айтыс. Лиро – эпостық жырлар. Эпостық жырлар

1




Іздендіс сабағы, шағын әдеби айтыс, болжам жасау

Тарих, өзін – өзі тану

Ш.Әлібеков «Қазақ фольклорының эстетикасы» А., 1991ж.

3

Ежелгі әдебиет мұраларынан
«Күлтегін», «Тоныкөк»
ескерткіштері. «Оғызнама» жыры, Қорықт жырлары

1




Білім мен әрекет тәсілдерін тексеру сабағы, эвристикалық, ізденушілік әдіс, тест

Тарих, жаратылыстану

М. Жолдасбеков «Асыл арналар»
«Жазушы».А., 1990ж.

4

Ислам дәуіріндегі әдебиет
Әбунасыр Әл – Фараби өлеңдері. М.Қашқари «Диуани лұғат ат - түрік». Ж. Баласағұни «Құтты білік»

1




Брифинг сабағы, пікір алмасу

Тарих, өзін – өзі тану, қазақ тілі

«Ежелгі дәуір әдебиеті».1991. 102 – 112 – б.

5

А.Йассауи «Диуани хикмет».
А. Иүгінеки «Ақиқат сыйы». С.Бақырғани «Бақырғани кітабы»

1




Әңгіме пікірлесу сабағы, проблемелық сұрақ – жауап, тест

Дінтану, тарих

Х. Сүйіншәлиев «Қазақ әде-
биетінің қалып -
тасу кезеңдері» А., 1968 ж.

6

Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет
Рабғузи «Қисса Рабғузи». Құтып «Құсырау - Шырын». Хорезми «Мұхаббатнама». Сәйфі Сараи «Хикаяттар»

1




Жалпылау, жүйелеу сабағы, талдау, рефлексия,тест

Өзін – өзі тану, филосфия,тарих

«Ежелгі дәуір әдебиеті», «ана тілі», А., 1991 ж.

7

Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
Қазтуған жырау (XV ғасыр)
Асан қайғы (XV ғасыр)
Доспамбет жырау (XVI ғасыр)
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 – 1560)
Жиембет жырау (XVII ғасыр)
Ақтамберді жырау (1675 -1768)
Үмбетей жырау (1706 - 1778)
Бұқар жырау (1668 - 1781)

2




Білім мен әрекет тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу сабағы,
СТО технологиясы

Философия, өзін – өзі тану, тарих, дінтану, әдеп

«Бес ғасыр жырлайды», «Жазушы», А., 1 – том
М. Мағауин «Қобыз сарыны», «Жазушы», А., 1968.

8

XIX ғасыр әдебиеті
Д. Бабатайұлы «Өсиетнама», «Қыс көбейді, жаз аз боп».
М. Өтемісұлы «Еңселігім екі елі».Алмажан Азаматқызы «Жетім қыз»дастаны

1




Білімді және әрекет тәсілдерін бекіту, ой тоғыстыру, салыстыру

Тарих, өзін – өзі тану,психология,
қазақ тілі

XIX ғасыр әдебиеті. 6 – том. А., 1992.

9

Ш. Жарылғасұлы «Ай, Қазы би, Қазы би», «Сөйлеп жүрген тіл мен жақ». Шөже Қаржаубайұлының айтыстары. Орынбай Кертағыұлы «Төрде отырған төрелер», «Маймаққа айтқаны»

1




Жаңа білімді игеру сабағы, эвристикалық сұрақтар, баяндау, ой қозғау

Тарих, әдебиеттану, жаратылыстану

«Үш ғасыр жырлайды», А., 1965.

10

Ш.Қанайұлы «Шортанбайдың насихаты», «Асан Қожаға айтқан арызы». С.Аронұлы «Болыстарға бата». М. Мөңкеұлы «Топқа түскендегі толғауы»

1




Жалпылау, жүйелеу сабағы, баяндау, салыстыру, кубизм, топтастыру

Тарих, қазақ тілі, әдебиеттану, өзін – өзі тану

Х. Сүйінішәлиев «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері»

11

Шәңгерей Бөкеев «Қайран жерім», «Өмірдің өтуі». Біржан сал Қожағұлұлы «Көлбай - Жанбай», «Ер жігіт дүниені көрген артық»

1




Ізденіс сабағы, түсін-
діру,салыстыру, талдау,
шығармашылық жұмыс,тест

Музыка, философия, әдебиеттану, тарих

М.Әуезов «Әр жылдар ойлары». А., 1959.

12

XIX ғасырдың екіншіжартысын-
дағы әдебиет
Ш.Уәлиханов «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы».
Ы. Алтынсариннің этнографиялық очерктері.

1




Жаңа білім игеру сабағы, дәлел-
деме – пікірлер, конспект – тезис

Жаратылыстану, педагогика, психолгия, тарих, бейнелеу

С.Мұқанов «Аққан жұлдыз, «Қазақ әдебиеті» (энциклопедия).1999.
Ә.Дербісалин «Ы.Алтынсарин»

13

А. Құнанбаевтың дастандары

1




Ізденіссабағы,
интервью –тест,салыстыру,
деңгейлік тапсырмалар, микро - мінездеме

Тарих, психолгия, өзін – өзі тану, музыка, қазақ тілі, әдебиеттану

Көкбай «Абай – ақындар атасы», Тұрағұл «Әкем Абай туралы». А., 1993.

14

Ақылбай Құнанбаев «Дағыстан» поэмасы. Мағауия Құнанбаев «Медғат Қасым» поэмасы. Тұрағұл Ибрагимов «Әкем туралы» естелігі

1




Жинақтау сабағы, СТО технологиясы

Тарих,әдебиеттану, өзін – өзі тану, халықтық педагогика

«Үш ғасыр жырлайды» (Ақылбай бөлімі),
Қ. Мұхаметқанов. «Абайдың ақын шәкірттері». А., 1993.

15

Көкбай Жанатайұлы «Семей саудагер-
леріне», «Мұсажанға». Ш.Құдайбердіұлының мысалдары.
Ә. Найманбаевтың айтыстары «Ырысжанмен айтысы», «Сәмет төремен айтысы»

1




Ізденіс сабағы, деңгейлік тапсырмалар,тест

Өзін – өзі тану, психология, тарих, қазақ тілі

«Бес ғасыр жырлайды». 2 – том. 1989.
М. Мағауин «Шәкәрім шебер-
лігі».
А. Жұбанов «Замана бұлбұлдары». А., 1963.

16

XIXғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басында-
ғы әнші – компози
торлар
Балуан Шолақ «Ғалия», «Қос перне».Жауя Мұса «Ақсиса», «Сұрша қыз». Ақан сері «Қара торғай», «Жүсіп төреге»

1




Білім мен әрекет тәсілдерін кешен
ді қолдану сабағы, баяндау, өзіндік ой тоғыстыру, шығармашылық жұмыстар

Музыка, тарих, өнер

Ақан сері «Маңмаңгер». 2 – басылуы, А., 1988. «Бес ғасыр жырлайды». А., 1989.70 -75 – б.

17

XX ғасыр басындағы әдебиет
А.Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері.
М. Дулатұлының «Бүркіт кегі» балладасы.С. Көбеев «Орындалған арман»
романы



1




Әрекет тәсілдерін бекіту сабағы, түсіндіру, талдау, ой - тұжырым

Психология, қазақ тілі, тарих

Р.Сыздықова «А.Байтұрсынов»
( Метод. көмек).
Ш. Елеукенов «Тұңғыш романист». С. Көбеевтің таңдамалы шығармалар жинағы. 1955.

18

1916 жылғы Ұлт – азаттық көтерілісіне байланысты әдебиет
И. Дәукебаев «Бекболат». Күдері ақын «Амангелді».
Қ.Жұмалиев «Айқас» романы ( Махамбет туралы).

1




Жалпылау мен жүйелеу сабағы, жоспарлау, дәлелдеу, шешу

Тарих, халықтық педагогика, қазақ тілі

Р. Бердібаев «Намыс пен жігер жыры» 1986.
«Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері». А., 1958.

19

XX ғасыр басындағы әдебиет
М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсы». Ж. Аймауытов «Қартқожа» романы.

2




Білімді бекіту сабағы, баяндау, ізденушілік, дәлелдеу, талдау

Тарих, халықтық педагогика, қазақ тілі

С.Қирабаев «Ж.Аймауытов». «Рауан».1993. Р. Сағынбекұлы «Жүсіпбек». А., 1997. Б.Сарбалаев «Мағжанның лирикасы»

20

С.Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» романы. Б. Майлин «Раушан коммунист» романы

2




Жаңа білімді игеру сабағы, пікірсайыс, іздендіру, проблемалық ситуация

Тарих, халықтық педагогика, психология, әдеп, қазақ тілі

С.Қирабаев «С. Сейфуллин». «Жазушы».1974.
Т. Нұртазин «Майлин творчествосы»А., 1966.

21

Қ. Аманжоловтың соғыс тақырыбын -
дағы өлеңдері.
Б. Бұлқышев публицистикасы.

1




Білімді, әрекет тәсілдерін бекіту сабағы, деңгейлік тапсырмалар

Тарих, қазақ тілі, дүниетану

Т.Әлімқұлов. Қ. Аманжолов «Жемісті жолда». А., 1968.
Е.Исмайылов «Әдебиет жайлы ойлар». А., 1963.

22

С. Мұқанов «Сырдария» романы

1




Жаңа материалды игеру сабағы, талдау, жинақтау, Блум жүйесі

Тарих, жаратылыс
тану, биология, әдебиеттану

М. Хасенов «С. Мұқанов және фольклор». А., 1980.

23

М.Әуезов «Абай жолы» роман - эпопеясы

2




Іздендіру сабағы,
СТО технологиясы, тест

Философия, халықтық педагогика, өзін – өзі тану, қазақ тілі

Р. Бердібаев «Қазақ тарихи романы». 1978.
«Біздің Мұқаң» (естеліктер)
А., 1997.

24

Ғ. Мүсірепов – драматург. Ғ. Мұстафин «Қарағанды» романы

1




Жаңа білім қалыптастыру сабағы, эврис-
тикалық және репродуктивтік әдіс

Өнер, жаратылыс-
тану, қазақ тілі

Н. Ғабдуллин. «Ғ. Мүсірепов - драматург».1982ж.
С. Қирабаев «Шындық және шеберлік» (Халықтық суреткер бөлімі)

25

Б. Момышұлы «Москва үшін айқас»
І. Есенберлин «Көшпенділер трилогиясы»

1




Білімді және әрекет тәсілдерін бекіту сабағы, конструкциялау технологиясы
(Қ. Бітібаева)

Тарих, жаратылыс
тану, өзін – өзі тану

Р. Бердібаев «Тарихи роман мәселелері» А., 1978ж.
Б. Момышұлы «Офицер күнделігі» 1952ж.

26

М.Мақатаев «Боз орамал» балладасы, «Жан азасы» (реквием).
Т. Молдағалиев «Хаттар, хаттар» поэмасы

1




Білік пен дағды -
ны қалыптастыру сабағы , шығарма
шылық жұмыс, ой түйіндеу

Халықтық педагогика, әдеп, тарих

«Қазақ әдебиеті» (энциклопедия). А., 1999 460 –бет. Т. Молдағалиев «Жүректегі жазулар», «Жалын». 1981 ж.

27

О. Сүлейменов «Адамға табын, Жер енді!» поэмасы. М. Шаханов «Тоқшылық»

1




Жалпылау, қорытындылау сабағы, СТО технологиясы,
тест

Жаратылыс
тану, әдеп, қазақ тілі, әдебиеттану

«Зерде» кітабы.1984 ж.
Ж. Аупбаев «Олжас – «Қазақстан жаршысы»

28

Әлем әдебиеті
Мұса Жәлел «Шынғанда жазылған жолдар» поэмасы.
Р. Ғамзатов «Тырналар».
Ш.Айтматов «Ақ кеме» повесі

1




Кіріспе сабағы, салыстыру, әңгімелеу, талдау

Траих, жара
тылыстану, биология, қазақ тілі

Р. Мұстафин «Мұса Жәлел».
Ж. Молдағалиев «Жыр туралы жыр».
Ә. Нұрпейісов «Толғау".1972 ж.

29

Х. Ерғалиев
М. Сатыбалдиев
Ж. Аронов

1




Шолу сабағы, пікіралысу, әңгімелеу, ой толғау, іздендіру

Әдебиет-
тану, халықтық педагогика, өзін – өзі тану




30

Т. Досымов
Қ. Жүсіп «Айша бибі» дастаны

1




Білім мен әрекет тәсілдерін тексеру, бағалау сабағы, Блум жүйесі бойынша анализ – синтез, тест

Музыка, тарих, өзін – өзі тану, әдебиеттану
















































Сабақтың тақырыбы: Жыраулар әлемі ( 2 – сағаты)
Сабақтың мақсаты: 1) жыраулар әлемін меңгерту, сөз өнерінің ғылыми негізін аңғарту; 2) танымдық, логикалық қабілетті ояту, ұлттық құндылықтарды бағалау; 3) аманат жайлы өзекті ой дамыту, дана, дара тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Білім мен әрекет тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Пәнаралық байланыс: тарих, философия, өзін – өзі тану, қазақ тілі, дінтану
Көрнекілігі: интербелсенді тақта арқылы көрсетілетін слайдтар,суреттер,
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Қызығушылықты ояту
1. «Қайталау – оқу анасы»
«Бұл кім?» стратегиясы Таблица бойынша жұмыс
XIV – XVIII ғасыр жырау – жыршылары

  1. ?

Желмаясымен «Жерұйық» жерді іздеп, қазақтың талай жерін аралаған. Шоқан Уәлиханов оны «Көшпенділер философы» деп атаған. Керей мен Жәнібек хандарды жақтаған.

  1. ?

XV ғасырда 20 – 30 жылдары Еділ бойында дүниеге келген. Қол бастаған батыр, ел басқарған би болған, лирик. Бұл кісі туралы көп деректер жоқ.

  1. ?

Жыраудың әкесі, сірә, сахара ақсүйектерінің бірі болса керек, ал шешесі кейін Кіші жүздің ұйытқысы болған. Алайда тәкаппар жырау Темірмен үнемі жарастық таба бермеген.

  1. ?

Ол – Қазтуған, Шалкиіз сияқты жортуыл ақыны. Оның өлеңдері халықтың эпос поэзиясымен астарласып жатады. Жырау өмірді өкінішсіз өткізу мәселесін ерекше бағалайды.

1. Асан қайғы. 2. Қазтуған. 3. Шалкиіз. 4. Доспамбет
Оқушылар жауап берген соң, сұрақтардың орнына жыраулардың портреттерін слайд бойынша көрсету.
2. «Сандар сөйлейді» стратегиясы
Тақтада көрсетілген сандарды кезек – кезек таңдайды, жасырынған сұрақтарға жауап береді

20

40

20

30

20

30

40

30

40

1.Сол жақтағы 20. Қазтуғанның жыр – толғауларын біздің өңірде жадына сақтаған, көп жырлап елге таратқан ақын кім? (Мұрат Мөңкеұлы)
2. Ортадағы 40. «Өкінбестей болғанмын,
Ер Мамайдың алдында.
Шаһид кештім, өкінбен», - деп бітіреді. Үзінді кімнің шығармасы? ( Доспамбет жырау)
3. Оң жақтағы 20. XV – XVI ғасырларда 95 жас өмір сүрген, тарихта болған жырау? ( Шалкиіз)
4. Сол жақтағы 30. «Бұл заманда не ғаріп» кімнің толғауы? ( Асан қайғы)
5. Ортадағы 20. Жырау әдебиетінің негізгі өкілдері кімдер? (Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар т.б.)
6. Оң жақтағы 30. Жыршы дегеніміз кім? ( Жыршы – жыр айтушы, таратушы, көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштар. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады)
7. Сол жақтағы 40. Жырау деп кімді айтамыз? ( Жырау – өз жанынан жыр шығарып айтатын, суырып салма ақындық қасиет пен шешендік қасиеті қатар сақталып жататын дарынды ақын, дуалы ауыз шешен, ақылгөй дана, ойшыл адамдар).
8. Ортадағы 30. Толғау дегенді қалай түсінесің? ( Толғау – қазақ әдебиетінде ақындар шығармашылығында, әсіресе жыраулар поэзиясында жиі орын алған жанр. Толғау өлеңде ақын өмір қоғам, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық т.б.жайлы ақыл –өсиет, насихаттық тұрғыда ой – қозғайды).
9. Оң жақтағы 40. Әз – Жәнібектің ақылсыздығын, үлкен қателік жасағанын ашына сынаған жырау кім? ( Асан қайғы)
3. «Жадымда – жыр мазмұны»
Жыраулардың өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айту.
ІІІ. Мағынаны тану
«Жаңа сабақ құпиясы»
XV – XVIII ғасырлар әдебиетінің негізгі салмағын көтерген жыраулар болды. Олардың әдеби жанры толғау еді. Толғауда жырау өзінің өмірі, болмысы жайлы ойларын, замана жайлы түйгендерін айтып, белгілі оқиғаларға көзқарасын білдіреді.
Жыраулардың ірілігін тану үшін ұлы болу шарт шарт емес, таза түйсік, иман, ар – ұят қажет –ақ. Жыраулар әлемі – ұлттың уызы, биік санасы мен көркем ойдың, елдігіміздің көрінісі. Олар пайғамбардың «Иман жаны - ұят» деген хадисін санаға құйды, ұрпақты тәрбиеледі.


Жыраулар

Өмірдерек

Еңбектері

Тақырыптары

Жиембет










Ақтамберді










Үмбетей










Бұқар жырау

1668 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Әкесі Қалқаман батыр. 1781 жылы Баянауылда Долба тауында дүние салған.

«Тілек», «Жиырма деген», «Ай, Абылай, Абылай» , «Кәрілік туралы», «Жар басына қонбаңыз»

Елін, жерін қорғаған батырлар, ел басқарған хандар туралы


IV. Ой қозғау
Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер?.. ой – толғау жазу
V.Сабақты қорыту
VI.Үйге тапсырма: Тест сұрақтарын дайындау



Достарыңызбен бөлісу:

turisticheskaya-deyatelnost-v-karpatskom-regione.html
turisticheskaya-harakteristika-turcii.html
turisticheskaya-kompaniya-sk-intur-ofisi-prodazh-v-g-rostove-na-donu-pr-voroshilovskij-8765-tel-863-26-88-900-faks-863-234-58-90-ul-krasnoarmejskaya-278-tel-863-26-888-90-faks-863-264-84-20-ul-zorge-39-telfaks-863-22-00-345.html
turisticheskaya-privlekatelnost-italii-v-anglosaksonskih-stranah.html
turisticheskie-resursi-altaya-chast-2.html
turisticheskie-resursi-krima-chast-3.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/predislovie-k-russkomu-izdaniyu-stranica-18.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/uchebnoe-posobie-krasnoyarsk-1999-izdatelskij-centr-stranica-5.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/zanyatie-1-bioraznoobrazie-programma-malih-grantov-programma-razvitiya-oon-v-uzbekistane-bioraznoobrazie-degradaciya.html
  • desk.bystrickaya.ru/polozhenie-o-pravotvorcheskoj-iniciative-grazhdan-stranica-11.html
  • esse.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-po-discipline-vvedenie-v-psihologicheskuyu-specialnost-naimenovanie-disciplini-dlya-specialnosti.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-36-o-strukture-ierarhii-zhuchkov-a-g-prikosnovenie-k-tajne-ili-ob-osnovah-filosofii-edinstva.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/programma-treningovih-zanyatij-sposobstvuyushih-povisheniyu-urovnya-uspeshnosti-socialnoj-adaptacii-podrostka-napravleniya-raboti-razvitie-lichnostnih-resursov-stranica-12.html
  • spur.bystrickaya.ru/konspekt-otkritogo-zanyatiya-po-literaturnomu-chteniyu-v-6.html
  • notebook.bystrickaya.ru/istoriya-sozdaniya-predpriyatiya-stranica-13.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glava-3-ciolkovskij-prognoz-vzaimootnoshenij-kosmicheskih-civilizacij-g-s-belimov-proyavlenie-inih-mirov-v-zemnih-fenomenah.html
  • teacher.bystrickaya.ru/etapi-poznaniya-i-forma-voprosa-l-ya-averyanov-pochemu-lyudi-zadayut-voprosi.html
  • student.bystrickaya.ru/15-iyunya-2009g-641-stranica-2.html
  • lesson.bystrickaya.ru/poyasnitelnaya-zapiska-k-finansovomu-planu-vvedenie-stranica-2.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/azastan-respublikasi-densauli-satau-ministrlgn-2011-2015-zhildara-arnalan-strategiyali-zhospari-turali.html
  • school.bystrickaya.ru/groshi-chast-5.html
  • apprentice.bystrickaya.ru/utverzhden-ukazom-prezidenta-stranica-20.html
  • credit.bystrickaya.ru/osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-nachalnogo-obshego-obrazovaniya-mbou-sosh-68-umk-shkola-rossii.html
  • abstract.bystrickaya.ru/3aktivizaciya-mezhdunarodnogo-nauchno-tehnicheskogo-sotrudnichestva-rasporyazhenie-ot-8-dekabrya-2011-g-2227-r-ob.html
  • esse.bystrickaya.ru/punkt-6-komitet-po-programme-i-byudzhetu-i-smezhnie-voprosi-155-195-punkt-7-obzor-organizacionno-pravovoj.html
  • znanie.bystrickaya.ru/43-harakteristika-analiziruemih-situacij-kejsov-uchebnoe-posobie-dlya-studentov-specialnosti-050706-pedagogika.html
  • universitet.bystrickaya.ru/statya-uchastniki-razmesheniya-zakaza-4-statya-priemlemost-tovarov-i-rabot-4-stranica-12.html
  • klass.bystrickaya.ru/avstraliya-bangladesh-rukovodyashie-organi-i-organizacionnie-voprosi-punkt-6-dopusk-nablyudatelej-136-138.html
  • holiday.bystrickaya.ru/nauchnaya-novizna-avtoreferat-razoslan-2009-g.html
  • reading.bystrickaya.ru/koncentraciya-resursov-po-funkcii-agregirovaniya-globalnij-proekt-razvitiya.html
  • control.bystrickaya.ru/debiet-teoriyasi.html
  • znanie.bystrickaya.ru/b-stremlenie-k-okonchatelnim-dokazatelstvam-i-sootvetstvuyushim-neobhodimim-i-dostatochnim-usloviyam.html
  • composition.bystrickaya.ru/organicheskie-veshestva-kletki-osnovnie-zhiznenno-neobhodimie-soedineniya-belki-zhiri-i-uglevodi-biopolimeri.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/kusainova-m-a-lichnostno-orientirovannoe-obuchenie-v-shkole-metodologiya-koncepciya-sistema-monografiya-stranica-14.html
  • shkola.bystrickaya.ru/marketingovij-analiz-upakovki.html
  • abstract.bystrickaya.ru/-nomer-dokumentakriptograficheskij-kod-instrukciya-po-ekspluatacii-shvks-695234-006-ie.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/polozhenie-o-konkurse-po-nominacii-luchshij-molodoj-uchyonij-goda-mgmsu.html
  • testyi.bystrickaya.ru/5-otdelenie-socialno-medicinskogo-obsluzhivaniya-na-domu-pravitelstvo-nizhegorodskoj-oblasti-postanovlenie-ot.html
  • esse.bystrickaya.ru/razdel-9-praktikum-po-pato-i-nejropsihologicheskoj-diagnostike-ekstremalnih-sostoyanij.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/raspisanie-zanyatij-8-11-30122011-g-raspisanie-zanyatij-11-30-12-2011-g-specialnost-rodnoj-yazik.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/44-ustrojstvo-upravleniya-ies-690-analiz-i-obobshenie-opita-i-tendencij-sozdaniya-promishlennih-robotov-v-otechestvennoj.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.